Ғимараты өртеніп кеткен Алматының әкімі қазір қайда жұмыс істеп жатыр?
Ғимараты өртеніп кеткен Алматының әкімі қазір қайда жұмыс істеп жатыр?
Фото: gazeta.ru
268
оқылды

Алматыда бейберекетсіздіктен кәсіпкерлер шамамен 94 миллиард теңге шығынға ұшырады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы қалпына келтіруге қатысты жиынды Алмалы аудандық әкімдігінің ғимаратында өткізді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев қарамағындағылармен уақытша Алмалы аудандық әкімдігіне орналасты. Штабтың жұмысын осы жерде отырып бақылайды.   [caption id="attachment_178827" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: gov.kz[/caption] Әуел баста Алматы қаласының әкімдігі Абылайхан даңғылы мен Әйтеке би көшесінің қиылысында орналасқан ғимаратта болған. Арада 30 жыл өткенде қала әкімі бұрынғы ғимаратты паналап жұмыс істеуге мәжбүр.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Қала штабы тәулік бойына тоқтамай жұмыс істеп жатыр. Барлық сұраққа қатысты дер уақытында дұрыс шешім қабылдаудың арқасында қаламыз қалыпты өмірге қайта бет бұрды. Осы күндер аралығында су, жылу, газ үзіліссіз берілді. Азық-түлік қорына да ешқандай қауіп төнбеді. Жағдайды тұрақтандыруға атсалысып, сабырлық танытқан тұрғындарға рақмет айтқым келеді», – деді.

Бұған дейін Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.