Қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлердің бала-шағасы университетте тегін оқиды – Асхат Аймағамбетов
Қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлердің бала-шағасы университетте тегін оқиды – Асхат Аймағамбетов
Фото: news.myseldon.com
425
оқылды

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қаза тапқан әскери қызметкерлердің балалары үшін білім гранты бөлінетінін айтты.

Қазақстанда бірнеше күнге ұласқан жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқан  полицей, әскери қызметкер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары университетте білім алу үшін арнайы білім гранты беріледі.

«Елімізде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әскери, азаматтық міндетін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлердің балаларына университетте оқу үшін білім гранты беріледі», – деді министр.

Бұған дейін қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 миллион теңгеден қаржылай көмек берілетінін хабарлаған болатынбыз.