Алматы орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы 5 адам ұсталған, - деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаменті.
Олардың екеуі - қыздар. Күдіктілер есірткіні тығып жатқан. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ күдіктілер тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.
Барлығы 70-тен астам ұнтақ заты бар магниттік бумалар, сондай-ақ компьютерлердің екі процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған дулыға, киетін заттар, сондай-ақ әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс материалдарына қосылды.
Күдіктілер қамауға алынды.
Олардың жеке басы, басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.