АҚШ-тың кейбір дипломаттары мен азаматтары Алматыдан уақытша кетіп қалды
АҚШ-тың кейбір дипломаттары мен азаматтары Алматыдан уақытша кетіп қалды
© autogear.ru
377
оқылды
Америка Құрама Штаттары Қазақстан Үкіметіне Алматыдан өз еркімен кетеміз деген консулдықтың кейбір қызметкерлерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын 12 қаңтарда уақытша эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ елшілігі. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердіұлымен 6 қаңтарда сөйлескенде айтқанындай, АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын толығымен қолдайды.
"Қазақстан әрқашан Америка Құрама Штаттарының сенімді досы болып табылады. Біз қазақстандықтардың тұрақтылығына және халықтың бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз. Жағдайдың мүмкіндігіне қарай, біздің қызметкерлеріміз Алматыға қайта орала алар деген ойдамыз", – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.