Елорда мен Алматы арасындағы теміржол байланысын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қос қала арасында қосымша пойызды жолға шығаратын болды. Алғашқы құрам 12 қаңтарда сағат 22:25-те «Алматы-2» станциясынан шығып, «Нұр-Сұлтан-1» станциясына бағыт алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған пойыз 13 қаңтарда сағат 23:43-те Алматыға кері қайтады.
Айта кетейік, елде төтенше жағдай жарияланған кезде елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері, теміржол қатынасы тоқтаған болатын. Қазіргі таңда екі қала арасында пойыздардың бәрі кесте бойынша жүріп жатыр.
Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.