«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдаулары жұмысын тоқтатқан емес
«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдаулары жұмысын тоқтатқан емес
248
оқылды

«Nur Otan» партиясы қа­шанда халықпен бірге екенін көрсетіп, өзінің барлық күш-қуатын елдікті сақтауға қамтамасыз етуге бағыттайды. Сондықтан елімізде болған төтенше жағдайдан соң пар­тияның бүкіл ресурсы Мем­лекет басшысының елдегі тұ­рақтылықты қалыпқа келтіруге бағытталған тапсырма­ла­рын толықтай орындап жатыр.

Соның ішінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдаулары өз жұмысын тоқтатқан емес. Мысалы, 2022 жылғы 1-11 қаңтар аралығында 622 адам хабарласса, оның 283-і «111 шұғыл қызметі» бойынша байланысқан. Партия филиалдардың барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері мерекеге байланысты қаңтардың алғашқы бес күні  онлайн форматта жұмыс  істесе, 111 қызметі 1 қаңтардан жұмысын бастап кеткен. 5 қаңтар күні партияның сall-орталығының жедел желісіне, негізінен, интернеттің болмауы, банктердің жұмыс істеу-істемеуі мен митингіге қатысты мәселелер қозғалған. Шымкент, Тараз, Ақтау, Алматы және Ақтөбе қалаларында да осы мәселелер бойынша хабарласқан екен.