Алматы қаласында коронавирусқа шалдыққандар саны көбейді.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әдбіжаббарованың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады.
Қала «қызыл» аймақта тұр. Ауру 2,2 есе көбейді. ДСМ-де 96 сынаманың 8-інде omicron штамы анықталды, оның 7-еуі Алматыға тиесілі. «Дельта» – 71%, «дельта+» – 16%, басқа штамдар 4,7% болды.
Сондықтан қалада карантин күшейтілді. Тек қана Ashyq-та жасыл статусы бар адамдар ғана қоғамдық орындарға емін-еркін кіріп шыға алады.