Күні кеше Жамбыл облысының тәртіп сақшылары бүлік кезінде қолды болған қару-жарақтар туралы тұрғындар ақпарат білсе, «102» нөміріне хабарласуға шақырған болатын.
Сондай-ақ оқ-дәріні ерікті түрде полиция бөліміне тапсырса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны айтылған. Міне осы үндеу өңірде өз жемісін бере бастады.
Соңғы тәулікте полиция бөлімдеріне Тараз қаласы мен барлық аудандардан қоңырау түсіп, бас-аяғы 40 бірлік қару-жарақ тәркіленген. Мәселен 13 қаңтар күні жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына хабарласып, қару-жарақ тауып алғаны туралы айтқан. Оқиға орнына барған полицейлер 3 Калашников автоматы мен гранамомет анықтаған. Аталған қарулар қазір сараптамадан өтуде.
Облыстық Полиция департаменті осындай жағдайлар туралы хабарлаған халыққа анонимдік кепілдік береді.