Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», - делінген Президенттің Жарлығында.
Сонымен қатар Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да осындай арнайы Жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.