Синоптиктер 15 қаңтар күнгі қолайсыз ауа райына байланысты 6 облыс аумағында ескерту жариялады, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Батыс Қазақстан облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік бөлігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал. Оралда ертең көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Ертең түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда қаласында ертең кей уақытта көктайғақ болады, түнде бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. Қарағанды қаласында ертең боран соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.Жезқазғанда ертең боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.
Ақмола облысында боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-батысында, шығысында кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. Көкшетауда ертең: күндіз боран соғады, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
15 қаңтарда таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді, ертең таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с жетеді, тіпті одан да қатты соғуы мүмкін.
Шымкентте ертең таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы қатты қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Түркістан қаласында 15-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.