Тараздағы тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматы көз жұмды - РФ елшілігі
Тараздағы тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматы көз жұмды - РФ елшілігі
© stan.kz
248
оқылды
Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығына Таразда 6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде Ресей азаматы  үш баланың анасы, 1995 жылғы М.В. Кимнің қарақшылардың қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.  Қылмыс әйел жұмыстан шыққан сәтте жасалған.
"Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы марқұмның анасы, оның туыстары мен жақындарымен байланысқа шықты. Облыс басшылығына жағдайды бақылауға алу және марқұмның отбасына көмек көрсету туралы үндеу жіберілді. Консулдық марқұмның отбасына материалдық көмек көрсету мәселесімен айналысуда", – делінген хабарламада.
Ресей елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмысты жан-жақты тергеу қажеттігі туралы сауал жолдағанын хабарлады.
"Қылмыскерлердің жеке басы анықталып, олар заң алдында жауапқа тартылып, заң аясында жазаланады деп үміттенеміз", –  деп хабарлады елшілік.