БҚО-да карантин шаралары күшейтіледі
БҚО-да карантин шаралары күшейтіледі
Фото: news.myseldon.com
279
оқылды
БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңір аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізіледі
Оқушы саны 600-ге жетпейтін облыс және аудан орталықтарындағы мектептер штаттық режимде оқиды. Ал оқушы саны 600-ден асатын мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Тек ауыл мектептері бұрынғыша қала береді. 1-2-сыныптар штаттық режимде оқыса, 3-5-сыныптарда кезекші сыныптар ашылады. Колледждер мен ЖОО студенттері аралас оқытуға көшеді. Барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша беріледі. Ал тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде болады. Сондай-ақ екпенің толық курсынан өткен оқушылар мен студенттерді оқу орындары басшыларының ұйғарымына сәйкес оқытуға рұқсат беріледі.
Құжат 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.