Нұралы алғашқы жаттығуына қатысты

Нұралы

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғау­шысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында алғашқы жаттығуын өткізді.

Ресейлік клуб жуырда ғана Дубайда өтетін оқу-жаттығу жиын­дарына келді. 22 жастағы қазақстандық футболшы аталған команданың  жаттықтырушылар штабының бақылауында болады.

Таңертеңгілік тапсырма ретінде ойыншылар алдымен тестілеуден өтті. Нұралы Әліп Иван Сергеев, Дмитрий Чистяков және Андрей Мостовоймен бірге екінші топқа түсті. Тестілеу нәтижесі бойынша футболшылар оқу-жаттығуда қандай тапсырмалар орындайтыны белгілі болды.

Кешкі уақытта «Зенит» жат­ты­ғу ойынын өткізді. Оған қазақстан­дық қорғаушы да қатысты. Қысқы медтексерісті сәтті өткізген Нұралы Әліп 19 қаңтарда «Эмирейтске» қарсы ойында петербургтік команда қатарында алаңға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін жал­ғасады.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.