Алматы қалалық ПД полицейлерді ұрып-соғып жатқан бейнелерді көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жинақ 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған.
https://www.youtube.com/watch?v=G2uld_eaIAw&feature=emb_title
Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару кезінде Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.
Қаңтардың 5-і күні Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.