Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынып тасталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылдың 16 қаңтарында сағат 07:00 минуттан бастап жойылсын", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.
Бұған дейін Шымкент қаласы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталған.