"Қазақстан халқына" қоғамдық қорында қамқоршылық кеңес жаңа құрамда сайланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Қамқоршылық кеңес құрамы:
Юрий Пя – "University Medical Center" КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
Аружан Саин – ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Милосердие" ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры;
Бахыт Байғалиева – "ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
Саида Таукелова – "Қоғамдық бақылау және мониторинг" РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
Эльмира Алиева – "Help Today" ҚҚ төрайымы;
Ләззат Шыңғысбаева – "Менің Атамекенім" ҚБ атқарушы директоры;
Владислав Трифонов – "Жизнь без границ" ҚБ;
Ирина Смирнова – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;
Роза Сүлейменова – "САТР" ЖШС бас директоры;
Алмаз Ержан – қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
Ораз Жандосов – "Ракурс" экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
Олжас Құдайбергенов – "Center for strategic initiatives" консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
Арманжан Байтасов – "Tan Media Group" иесі, меценат;
Қайырбек Сүлейменов – ҰҚП "Атамекен" кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Юрий Пя "Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:
"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;