Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды
Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды
Сурет: © azh.kz
160
оқылды

Атырау қаласының әкімі Қайрат Уразбаев қызметінен босатылды.

Облыс әкімінің 14 қаңтардағы өкімімен Қайрат Уразбаев берген өтінішінің негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылған.
«Қазіргі таңда қала әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда», -  деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шығып, 10 қаңтарда одан кері оралғаны хабарланған болатын. Ал ертесіне денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысына қайта шыққанымен, жұмысқа қашан шығатыны белгісіз болған еді.