Ұлттық қауіпсіздік комитеті Семей қаласында ескірті зертханасын ұйымдастырған ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"15 қаңтарда Семейде жасырын зертхананы ұйымдастырған "А" есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды", - делінген ресми ақпаратта.
Комитет мамандары 5 келі "а-PVP" психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіледі.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.