Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлаған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде болған онлайн брифингіде мәлімдеді.
«Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олар сол жерден қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденді. Барлығы бүгінгі таңда 1347 қару ұрланған. Оның ішінде 501 мылтық, 807-сі тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған. Олардың іс-әрекеті топ жетекшілерімен үйлестірілді", - деді Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, тонаушылар 1 600-ден аса сауда нысанын тонаған