Алматыда ломбардтан ұрланған ұялы телефондар 17 жастағы жігіттен табылды
Алматыда ломбардтан ұрланған ұялы телефондар 17 жастағы жігіттен табылды
387
оқылды
Алматыда ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаман ықшам ауданында тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жігіт Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді. Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған. Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақтар тәркіленді.