Алматыдағы полиция департаментіне лаңкестер 27 рет шабуыл жасаған
Алматыдағы полиция департаментіне лаңкестер 27 рет шабуыл жасаған
457
оқылды
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға 27 рет әрекет жасалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні содырлардың Полиция департаментінің, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметінің ғимаратын қарулы топ басып алуға әрекеттенді. Осыған байланысты ғимаратты қорғау және әскери қарудың ұрланбауы үшін шабуыл жасағандарға оқ атылды. Мен өзім Полиция департаментінде болдым. Ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл жасағанын санадық. Қылмыскерлер техниканы, джиптер мен КамАз көліктерін қолданды», - деді Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, шабуылдарды қару-жарақ пен ұрыс әдістерін меңгерген кәсіби дайындалған адамдар жасағанын атап өтті. Түнде олар осал жерлерді іздеді. Шабуыл таңертеңге дейін жалғасты.