Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы жанармай құю бекеттеріне келген шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр.
Қалада жаппай тәртіпсіздік салдарынан екі жанармай құю бекеті өртеніп кеткен.
«Жалпы, қалада 220 жанармай құю бекеті бар. Бүгінде 190-ы жұмыс істеп тұр. Олардың 68-іне жаппай тәртіпсіздік кезінде зиян келді. 38-і қалпына келтірілді. Енді жөнделетін 30-ы қалды, оның 28-ін екі апта ішінде қалпына келтіру жоспарда бар. Екі жанармай құю бекеті өртеніп кеткен», – деді әкімдік өкілі.
Бұған дейін Алматы комендатурасы бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген 2601 адам ұсталғанын хабарлаған еді.