Нұрлан Мәсімов қызметтен кетті
Нұрлан Мәсімов қызметтен кетті
Фото: pavlodarnews.kz
456
оқылды

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы баянатқа сәйкес, Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы міндетін полиция полковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы атқарады» делінген ПД-нің ресми хабарламасында.

Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы бойынша департаментті 2019 жылдан бері басқарды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.