Бүгін жалпы саны 168 әуе рейсі жоспарланған. Алайда рейстер саны қысқарады, – деп хабарлайды 24.kz.
17 қаңтар күні Air Astana мен Fly Arystan компаниясы 111 рейс жасауы тиіс еді. SCAT әуе компаниясына – 35, ал Qazaq Air-ге 22 рейс тиесілі болатын.
Оның ішінде 4-еуінің уақыты шегерілсе, 27-і мүлде тоқтатылды. Себебі, Алматы әуежайының жұмыс регламенті ауысып, ұшақтар ара-тұра кестеден кешігіп, қалаға мерзімінен кеш оралып жатыр. Десе де, Air Astana мен Fly Arystan әуе компаниясы 92 рейсті іске асыруды жоспарлап отыр.