Алматы әуежайында бүгін әуе рейстерінің саны қысқарады
Алматы әуежайында бүгін әуе рейстерінің саны қысқарады
Фото: rsokol.kz

Бүгін жалпы саны 168 әуе рейсі жоспарланған. Алайда рейстер саны қысқарады, – деп хабарлайды 24.kz.

17 қаңтар күні Air Astana мен Fly Arystan компаниясы 111 рейс жасауы тиіс еді. SCAT әуе компаниясына – 35, ал Qazaq Air-ге 22 рейс тиесілі болатын.

Оның ішінде 4-еуінің уақыты шегерілсе, 27-і мүлде тоқтатылды. Себебі, Алматы әуежайының жұмыс регламенті ауысып, ұшақтар ара-тұра кестеден кешігіп,  қалаға мерзімінен кеш оралып жатыр. Десе де, Air Astana мен Fly Arystan әуе компаниясы 92 рейсті іске асыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Алматы әуежайына шабуыл жасағандар туралы жазған болатынбыз.