"Сауалнамадан кейін 50 мың теңге сыйақы төленеді": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді
"Сауалнамадан кейін 50 мың теңге сыйақы төленеді": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді
© dauletten.kz
630
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 000 теңге мөлшерінде сыйақы төленетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
"Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Ведомство жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын ескертті.