Студенттер көктемгі семестрде қалай оқиды?
Студенттер көктемгі семестрде қалай оқиды?
© inform.kz
626
оқылды
Студенттердің 24 қаңтарда басталатын  көктемгі семестрі дәстүрлі/аралас форматта болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 
Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер – онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.
«Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыру алдын ала қамтамасыз етіледі. Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады. Сондай-ақ  министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттері үшін оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі», – делінген хабарламада.
Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар міндетті түрде сақталады: Маска режимі қамтамасыз етіледі; ЖОО-ның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып саналады; Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37 градустан жоғары) адамдар оқу корпустарына кіргізілмейді. ЖОО студенттерден ПТР тестілеу талап ете алмайды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81%-дан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94% астамы екпе алған. Бұған дейін оқушылар бүгін басталған үшінші тоқсанды қалай оқитыны туралы жазған болатынбыз.