Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Студенттер көктемгі семестрде қалай оқиды?

Жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер – онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

Рая Мінап Рая Мінап
Қаңтар 17, 2022
ЖОО

© inform.kz

2.7k
қаралым

Студенттердің 24 қаңтарда басталатын  көктемгі семестрі дәстүрлі/аралас форматта болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер – онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

«Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыру алдын ала қамтамасыз етіледі. Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.

Сондай-ақ  министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттері үшін оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі», – делінген хабарламада.

Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар міндетті түрде сақталады:

Маска режимі қамтамасыз етіледі;

ЖОО-ның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып саналады;

Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37 градустан жоғары) адамдар оқу корпустарына кіргізілмейді.

ЖОО студенттерден ПТР тестілеу талап ете алмайды.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81%-дан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94% астамы екпе алған.

Бұған дейін оқушылар бүгін басталған үшінші тоқсанды қалай оқитыны туралы жазған болатынбыз.

Тегтер: аралас форматЖаңалықтаркөктемсеместрстудент

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»