Алматыда полицейлер Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында қару ұстаған екі ер адамды ұстады.
Алматы облысынан келген күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған "SM12 steyr mannlicher austria" маркалы екі аңшы мылтығы тәркіленді. 38 жастағы М. есімді азамат пен 35 жастағы Р. есімді азаматтың Алматы облысынан келген тұрғындар екені анықталды.
Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.