«Ордабасы» қарызға батты
«Ордабасы» қарызға батты
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы ойыншыларына жалақы төлей алмағаны аздай, мемлекетке қыруар қарызы бар болып шықты. Тек салықтар мен төлемдер бойынша «Ордабасының» 2 миллиард теңгеден астам берешегі бар. Егер қарыз жақын арада өтелмесе, шымкенттіктер жаңа маусымға қатыса алмайтыны белгілі болды. Сонымен қатар клуб қызмет­кер­лері 8 айдан бері жалақы алма­ғанын айтқан жөн. Бұған дейін түрлі БАҚ «Ордабасының» ҚПЛ-дағы орнын Шымкенттің намысын қорғайтын «Қыран» басуы мүмкін екенін жазған болатын. 2021 жылы маусымда бұл клуб Бірінші лига турнирін үшінші орынмен аяқтап, көңіл толатын нәтиже көрсеткен.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ