«ҚазМұнайГаздан» «қателік» тапты
«ҚазМұнайГаздан» «қателік» тапты
Республикалық бюджет­тің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» жұмысын­дағы заңбұзушылықтарды анықтаған. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және оның жекелеген ведом­стволық ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне қа­тысты 2021 жыл­дың мамырында аудит жүр­гізілген. Аудит барысында Еңбек заңнамасының кемшіліктері анықталып отыр. Бұл 16 сағат көлеміндегі жұмыс уақыты есебімен бір уақытта бірнеше бас­шылық лауазымдарды біріктіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді. «Басқарма төрағасының орынбасары (қашықтан) қызметі еншілес ұйымның бас директоры лауазымымен біріктірілген», – делінген хабарламада. Сондай-ақ «Нысандарды салу жөніндегі серіктестік» корпоративтік қоры Түркістан об­лысын­дағы амфитеатр құры­лысына бөлінген 307 миллион 938 мың теңге­ден үнемделген қара­жатты қайтармағаны анықталды. Соталды арыздан кейін корпоративтік қор «Қаз­Мұнай­Газдың» есеп айырысу шотына көрсетілген ақша сомасын қайтарғаны хабарланды.