«Қазгидромет» РМК 19 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының орталығында және шығысында тұман болжанады.
19 қаңтар күні таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, 20 қаңтарда түнде таулы аумақта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші таңертең және күндіз 23-28 м/с-ке артады.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман болжанады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.