Валюта айырбастайтын кезде цифрлық құжатты пайдалануға болады – Ұлттық банк
Валюта айырбастайтын кезде цифрлық құжатты пайдалануға болады – Ұлттық банк
Фото: missionmariage.com
250
оқылды

Бұдан былай валюта айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжаттарды пайдалануға болады.

Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғанын хабарлады. Тиісті өзгерістер Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді (қаулы 2021 жылы 29 желтоқсанда жарияланды). Қаулының толық мәтінін Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтынан оқуға болады.

Бұған дейін цифрлық құжаттарды әуежайда қолдануға болатыны туралы жазған болатынбыз.