Түркістанда бес адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты
Түркістанда бес адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото: medicalbusinesschool.com
649
оқылды

Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты. Газдан уланып, қайтыс болған әйел мен 4 баланың өліміне қатысты екі ЖШС директоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Былтыр ақпан айында газға уланған әйел мен оның кәмелетке толмаған 4 баласы қаза тапты. Көпбалалы ана 41 жаста еді. Ең кіші баласы 4 жаста болатын. Төтенше оқиға кезінде тек Шымкентте ем қабылдап жатқан отағасы ғана аман қалды. Тергеу нәтижесінде, айыптылар анықталды.

«ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бірден сот-технологиялық сараптама тағайындадық. Нәтижесінде, мамандар газ желілерін орнату және монтаждау 4.03-01-2011 ж. ҚР құрылыс нормаларына сәйкес келмейді деген қорытынды шығарды. Яғни, газ жабдықтарын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателік жіберген», – деді облыстық Полиция департаменттің тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Түркістан қаласының соты іс бойынша шешім шығарды. Екі газ компаниясының директоры 4 жылға бас бостандығынан айрылды.