Желіде Талдықорған көшелерінде жүрген әскери қызметшілер мен арнайы техниканың видеосы пайда болды
Желіде Талдықорған көшелерінде жүрген әскери қызметшілер мен арнайы техниканың видеосы пайда болды
© Instagram/oleg.tdk
280
оқылды
Әлеуметтік желілерде Талдықорған көшелерінде түсірілген әскери қызметшілер  мен әскери техникалардың видеолары жарияланды. Кейбір желі қолданушылары қалаға тек жергілікті тіркеуде тұрған азаматтарға кіруге рұқсат етілгенін жазып жатыр. Алматы облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, аймақта террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі жалғасуда. 19 қаңтардан бастап облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары өтіп жатыр. Шара аясында іске асырылатын іс-қимылдар: құқықты анықтайтын құжаттарды тексеру, көлік құралдарын тексеру, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру және заттарын тексеру; жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді, жатақханаларды, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай елді мекендерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді тексеру; атыс қаруын, травматикалық және суық қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. бар-жоғын анықтап, оларды алу; тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп келушілерді анықтау; бұрын сотталғандарды және ішкі істер органдарында есепте тұрған басқа да адамдарды тексеру.
"Полиция департаменті азаматтарды жедел-профилактикалық шараларға түсіністік танытуға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады", - делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Одан бөлек, азаматтық авиация комитеті 2022 жылдың 18 қаңтарынан бастап Талдықорған әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан – Талдықорған (3 рейс), Талдықорған – Түркістан (2 рейс) бағыттары бойынша ішкі әуе рейстері қалпына келтірілді. Кеше Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеме жасаған болатын. Ол әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып жатқанын айтты. Басқарма басшысы арандатушылыққа бой алдырмауға үндеп, заңда қарастырылған жауапкершілікті еске салған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Олег Бессонов (@oleg.tdk)

Бұған дейін еліміздің барлық өңірінде  Төтенше жағдай режимі қашан алынатынын жазған болатынбыз.