Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
377
оқылды
Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 15-20 метрге, түнде екпіні 23-28 метрге жетеді. Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болып, облыстың тау және тау бөктерінде жел күшейеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман болады деп болжанып отыр. Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман басады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Ал Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман басады.