Ақтөбеде тәртіпсіздік кезінде жігіттің оққа ұшқаны видеоға түсіп қалған
Ақтөбеде тәртіпсіздік кезінде жігіттің оққа ұшқаны видеоға түсіп қалған
© exk.kz
497
оқылды

Ақтөбедегі тәртіпсіздік кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың қалай көз жұмғаны видеоға түсіп қалған.

Русланбектің қарындасы Жайнагүл Бүркітқызы ағасының қолында ешқандай суық қару болмағанын айтады, – деп хабарлайды Экспресс К.
Қарындасы ағасының қалай оққа ұшқаны туралы бейнежазбаны қолына түсірген.
"Видеода менің ағам қашып келе жатыр. Қоқыс контейнерінің қасынан оқ атылды. Сол жерде көліктің артына құлап қалды. Екі бала сүйреп подъезге қарай алып келе жатыр. Ол балалар да қайда қашарын білмей жүр. Ағамның қолында қару, пышақ, автомат жоқ. Пышақ, есірткі болды деген ол өтірік. Аққа Құдай жақ. Бәрібір шығады. Видео да аяқасты табылып тұр," – дейді қарындасы.
Жайнагүл құқық қорғау органдарынан ағасының сүйегін қайтаруды сұрайды.
Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 21-1 бабына сәйкес, терроризм актісін жасау салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық іс қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерлеген орын туралы хабарланбайды.