Онлайн форматта отырыс өтті
Онлайн форматта отырыс өтті
297
оқылды
«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Ақсу қаласының бастауыш партия ұйымдарымен онлайн форматта отырыс өткізді. Жиын барысында Илья Теренченко Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаевтың Парламент Мәжілісінде ха­лыққа жасаған үндеуі бойынша тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізіп, бастауыш пар­тия ұйымдарының маңызын атап өтіп, ел Президентінің маңайында топ­та­сып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Өз кезегінде қалалық бастауыш пар­­тия ұйымдарының басшылары өз­де­рін­де бар шешілмеген мәселелерді қоз­ғады. Айтылған мәселелер облыстық пар­тия филиалының қатаң бақылауына алын­ды. Сондай-ақ отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орынбасары Би­бігүл Нүркенова партияның 2021 жы­лы Ақсу қаласы бойынша сайлауалды бағ­дарламасы аясында Жол картасы ин­дикаторларының орындалуы жөнінде есеп берді. – Біздің бастауыш партия ұйымы пар­тиялық жобаларға, қаланың қо­ғам­дық-саяси өміріне белсене қатысады, пар­тия мен Үкіметтің жүргізіп отырған ба­ғытын қолдайды. Біз төрағалармен әр­дайым байланыстамыз, олардың өз бастауыш ұйымдарында беделі бар және ұжымдардағы тұрақтылық үшін жауап бе­реді деп сенімді түрде айта аламын. Біз­дің бірлескен әрекеттеріміз қиын­дық­тарды бірлесіп жеңуге мүмкіндік бере­ді. Ақсу қалалық филиалының жұ­мы­сы осы бағытта жалғасады, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Ақсу қа­лалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Бибігүл Нүркенова.

А.ЖАСАНҰЛЫ