Ескі мектептің орнына салынған жаңа ғимаратты 4 айда пайдалануға берді.
Былтыр тамыз айында Байзақ ауданында болған жарылыс салдарынан №5 мектептің ғимараты қирап қалған. Оның орнына 150 орындық жаңа мектеп небәрі 4 айда пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аз уақытта мектеп құрылысын аяқтаған құрылысшыларға алғыс айтты.
Ауыл тұрғыны Бейсен Жүргенбаевтың айтуынша, Жамбыл облысының тарихында төрт-ақ айдың ішінде жаңа мектеп салу бұрын-соңды тарихта болмаған.