Қазақстаннан жаппай тәртіпсіздік кезінде 64 мыңнан астам адам кетіп қалған
Қазақстаннан жаппай тәртіпсіздік кезінде 64 мыңнан астам адам кетіп қалған
Фото:elements.envato.com
342
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің мәліметінше, 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеген, 64 048 Қазақстан азаматы елден кетіп қалған.
Тәртіпсіздіктерге байланысты 2022 жылы 6-12 қаңтар аралығында Алматы әуежайынан халықаралық рейстер орындалмады. Құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өткізу Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантин шектеулері кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

ҰҚК шекара маңынан қару жасырылған орынды тапқанын жазған болатынбыз.