"Жасыл дамудың" қашаннан бастап утиль алымын ала бастайтыны белгілі болды
"Жасыл дамудың" қашаннан бастап утиль алымын ала бастайтыны белгілі болды
© stan.kz
137
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "ӨКМ Операторының" ЖШС қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді. Министрлік таратқан мәлімет бойынша, бүгінгі таңда "Жасыл даму" АҚ екінші деңгейлі банктерде шоттар ашып, төлем жүйелеріне өзгерістер енгізуде. Ал 24 қаңтардан бастап "Жасыл даму" АҚ утиль алымын қабылдай бастайды.
"Бүгін экология министрі Серікқали Брекешев қоғам және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен "Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы" ЖШС тоқтатылуына және оның функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ-ға беруге байланысты жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп, онда кәдеге жарату алымын әкімшілендіру мәселелерін қарастырды", – делінген ресми мәліметте.
Ведомствоның ұстанымы бойынша, "Жасыл даму" қалдықтарды басқаруда тәжірибесі бар экология саласындағы жалғыз акционерлік қоғам. Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Яғни, мемлекеттің қатысу үлесі – 100%, акционерлік қоғам құрамында жеке және заңды тұлғалар жоқ.
"ӨКМ қағидатын енгізу, ең алдымен, бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін құру есебінен қалдықтармен жұмыс істеу саласында елдегі проблемалық мәселелерді шешуге әсер етті. Бүгінде біз қалдықтарды қайта өңдеу үлесінің 2016 жылғы 2,6%-дан 2021 жылы 21%-ға дейін артқанын көріп отырмыз. Осы кезеңде 264 мың тонна қаптама қалдық, 310 мың тонна автомобиль бөлшектерінің қалдығы жиналып, кәдеге жаратылды", – деді министрі Серікқали Брекешев кездесуде.
"ӨКМ Оператор" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылған болатын. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын "ЖАсыл даму" АҚ орындайды.