Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда Абай ауданының Полиция басқармасына «1 мамыр» көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 1994 жылы туылған азаматша екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақтан алынған жарақаттар анықталды.
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.