Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды
Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды
261
оқылды
Алматы облысы ПД полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігінің техникасы мен тұрмыстық заттарын ұрлаған күдіктілерді әшкереледі. Облыс әкімдігінің Талдықорғанда орналасқан ғимаратын қиратып, өртеп жатқан кезде 24 және 28 жастағы қала тұрғындары кеңсе техникасын, тұрмыстық заттарды қолды қылған.
"Ұрланған заттар арасында түрлі ұйымдастыру техникалары мен кеңсе бұйымдары, тұрмыстық техника тіпті дәретхана қағазына дейін болған", – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Алматы облысындағы жедел операциялар барысында 133 адамға ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалды. 300-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.