Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге 2019 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру.
Кез келген қазақстандық әуекомпания Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына шектеусіз жиілікпен жолаушылар рейстерін, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункт арасындағы жүк рейсін орындай алады.