Қаңтароқиғаларыкезінде 4,5 мыңполицей HalykBank инкассаторларыныңқауіпсіздігінқамтамасызетті. Бұлдеректі «ҚазақстанХалықбанкінің» еншілесұйымы «Halyk Инкассация» ЖШСрастады.
Қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыс шектеліп, мобильді және электронды төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмай қалғанда қарапайым азаматтарды қолма-қол ақшамен үздіксіз қамту қажет болды. Өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерге қарамастан, HalykBank-тің инкассаторлары 3,5 мың банк бөлімшесіне, 6 мыңнан астам автожанармай құю бекетіне, 17,5 мың бизнес нысанға сапарлаған. Олар халықты ақшамен, ЖЖМ-мен, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге жол ашқан 13 мыңға жуық банкоматқа ақша жүктеді.
Бүліктер және тонау, жаппай тәртіпсіздіктер мен терактілер жағдайында бұл маңызды міндеттер полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан және Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бірлесіп іске асырылды. Олар «ақша керуендерінің» қарулы күзетін және режимдік аймақтарға өтуін, сондай-ақ блок-бекеттер арқылы жүріп-тұруын қамтамасыз етті. Осы мақсаттарға полиция органдары төтенше жағдай кезінде мыңнан астам автоэкипаж бен 4,5 мың қарулы полиция жасағын бөлді.