Елімізде «Қаңтартрагедиясына» қатысыбарлардыанықтаумақсатындаауқымдытергеуамалдарыжүргізіліпжатыр. Бүліккебайланыстыкүдіккеілінгендердіңсаны 8 мыңғажуық. Дегенменкөпшілікарасындажаптымжала, жақтымкүйеніңқұрбаныболғандаржайындакөпайтылады. Тергеушілердіңдеқолғатүскендердісұрақ-жауапалукезіндеұрып-соғатыныжиіайтылыпжүр. Алматыдағыоқиғакезіндеқұрықталып, тергеліпжатқаназаматтарғааратүсіпжүргенадвокатШыңқуатБайжановпеносымәселелертөңірегіндесұхбаттасудыңсәтітүскенеді.– Шыңқуат Шегемұлы, ара-тұра әлеуметтік желідегі парақшаңызда «Қаңтар трагедиясы» кезінде істі болғандарды тергеудің барысы туралы мәліметтер салып тұрасыз. Оларға қандай айыптар тағылған? Жалпы, тергеу қалай жүріп жатыр?
– Дәл қазір менің қорғауымда 5 азамат бар. Олардың екеуі Алматы қаласындағы тергеу изоляторында (СИ-18), ал қалған үшеуі Жамбыл облысындағы тергеу изоляторында қамалған. Өйткені соңғы 3 азамат Алматыдан Отарға жеткен тұста ұсталған. Енді оларға тағылған айыптарға келетін болсақ. Менің қорғауымдағы жігіттердің бірін Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігіне сай кінәлі деп таныған. Нақтылап айтқанда, ол жаппай тәртіпсіздікке қатысу, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, күш көрсету деген күдікпен ұсталған. Ал екінші азамат митингтен кейін таксимен үйіне келген. Кейін әлгі азамат мінген автокөлікті тексеру кезінде қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған қару табылған. Жолаушы бола тұра, менің қорғауымдағы азамат та Қылмыстық кодекстің 291-бабы 3 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Осылайша, ол таксимен жолаушы ретінде үйіне жеткені үшін жүргізушінің сыбайласы ретінде істі болды.
Жамбыл облысында қолға түскен жігіттердің де жағдайы осыған ұқсас. Отар жақта менің қорғауымдағы 3 жігіт мінген автокөлікті тоқтатып, тексерген. Мұнда да автокөліктен Алматыдағы бүлік кезінде ұрланған заттар табылған. Бұл жігіттер әлгі заттарға қатысы бар-жоғын анықтау мүмкін болмай тұр. Қазір олардың үшеуі де Жамбыл облысындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алматыдағы тергеу изоляторында отырған 2 жігіт өз кінәсін мойындаған.
– Соңғы жазбаңызда оларға тексеру кезінде күш қолданғанын айттыңыз. Бұл ақпарат қаншалықты рас?
– Әлгі жігіттердің айтуы бойынша, тергеу кезінде ұрып-соғу, күш көрсету болған. Бір жігітке тіпті күштеп «Қасымда арабтар болды. Шетелдіктер көп болды» деген түсініктеме бергізіпті. Ал оның өзі маған бар болғаны Полиция департаментіне шабуыл жасау сәтін бейнежазбаға түсіріп тұрғанын айтты. Кейін бұған «террористерді тасыдың» деп жала жапқан. Екінші жігіт те зорлық-зомбылыққа шыдамай, «қару-жарақ ұрлауға қатыстым»
деп түсініктеме беруге мәжбүр болған. Әрине, олардың бұл уәждерінің қаншалықты шындыққа жанасатынын сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары кезінде, сотта нақтыланатын болады. Кездесуде әлгі жігіттерге «істемеген істеріңді мойындарыңа алмаңдар» десем, олар «ұрады ғой» деп жыларман болады.
– Байқауымызша, бұл істе нақақтан-нақақ істі болғандар көп сияқты. Сіз де полиция азаматтарды басқармаларына, бөлімдеріне күштеп әкеп жатқанын хабарладыңыз. Демек, көпшілік арасында айтылып жүргендей жазықсыздан-жазықсыз темір торға тоғытылғандар шынында көп болып тұр ғой.
– «Қаңтар трагедиясына» байланысты Президенттің өзі бейбіт митингке шыққандар жауапкершілікке тартылмайтынын айтты. Бас прокуратураға арнайы тапсырма да берді. Ендігі кезекте осы азаматтардың бүлікке қатысы бар-жоғын жіті тексеру керек. Бұларды ұрып-соғып, қорқыту дұрыс емес. Бұл тұрғыда олардың құқықтары арнайы халықаралық конвенциямен қорғалатынын ескеру қажет. Конвенция заңына сай азаматтарды ұрып-соғып алған жауаптың ешқандай заңды күші болмайтыны да айтылған. Адвокат ретінде осы мәселемен мұқият айналысып жатырмыз.
Осы жайттарды өзімнің қорғауымдағы азаматтардың мысалымен ғана айтып отырмын. Бірақ өзім тергеу изоляторында болған кезде көрген жағдайлар жүрегімді ауыртты. Тергеліп жатқандардың көбі жараланған. Арасында жарасы жанына батқанынан әзер тұрғандары да бар. Тіпті, біреуін зембілге (носилка) салып алып келді. Екі аяғына оқ тиген. Аяқтарын бинтпен таңып тастаған. Негізінен жаралы адамдар ауруханада жатып ем алуы керек қой. Күдікті болса, оларды ауруханада күзетпен ұстауы қажет. Оның орнына оларды түрмеге қамап тастады. Ал ондағы жағдай белгілі. Тергеу изоляторында бір сағат отырғанымда әртүрлі дене жарақатын алған 20 азаматты алып келді.
Бұған дейін де Алматыдағы тергеу изоляторы аузы-мұрнынан шығып жататын. Енді бір демде 2-3 мың адамды әкеп тыққан соң орын жетіспей жатыр. Көзімше екі жігітті ұстап әкелгендерді «орын жоқ» деп қайтарып жіберді. Менің қорғауымдағы 3 жігітті Жамбыл облысынан Алматы қаласына жеткізіп, істерімен танысып, ақ-қарасын ажыратуға да тергеу изоляторындағы орынның тапшылығы себеп болып тұр.
Оған қоса, тергеу изоляторына жедел уәкілдердің емін-еркін кіру фактісі де байқалады. Алайда тергеушіден басқа қызметкерлердің түрмеге баруына тыйым салынған.
– Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі тергеу кезінде жәбір көргендерге арнайы телефон желісін құрды. Тіпті, өңірлердегі кезекші прокурорлардың телефон нөміріне дейін жариялады. Сіздің ойыңызша бұл шара тиімді ме?
– Тиімді болатыны белгілі. Мен де өз тарапымнан азаматтарды прокуратура органдарына арыздануға шақырамын. Ресми органдарды былай қойғанда, адам құқығы жөніндегі халықаралық ұйымдарға арыздану да артық болмайды. Әр істе адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық!
– Ұсталғандарды бірнеше санатқа жіктеуге болады. Оның ішінде бейбіт тұрғын да, ұры-қары да, содыр да жүр. Енді олардың бүлікке, жаппай тәртіпсіздікке қатысын дәлелдеу қажет. Жалпы, осылардың ақ-қарасын ажыратуға жалғыз полицияның қауқары жете ме?
– Президент айтқандай, Алматыдағы бүлікке 20 мың адам қатысты. Бірақ олардың бәрі бірдей террорист емес қой. Көп болса, 400-500 бүлікші лаң салды. Олардың арнайы дайындықтан өткені көрініп тұр. Меніңше, нағыз ұйымдастырушылар, тәртіп бұзғандар әлдеқашан елден кетіп қалды. Ал қолға түскендердің көбі бейбіт митингке шыққандар. Оққа ұшып, ажал құшқандар да, жараланғандар да – осы бейбіт шерушілер. Әрине, ұсталғандарды санатына қарай жіктеп, қылмысқа қатысын дәлелдеу керек. Бірақ бәрін қылмыстық жауапкершілікке тартпай, кейбірін Әкімшілік кодекспен де жазалауға болады. Сөз жоқ, қолға түскендердің арасында жаптым жала, жақтым күйенің құрбаны болғандар көп. Менің қорғауымдағы үш жігітті алып қараңыз. Бар болғаны ұрланған заттар табылған машинаға мінгені үшін жазаланайын деп тұр. Әлгі заттарға олардың қатысы болмауы да мүмкін. Оны дәлелдеу қажет.
Әрине, бұл істе жалғыз полицияның қауқары жетпейді. Мұнда адвокаттар, соттар мен прокуратура қызметкерлерін де жұмылдыру керек. Қоғам болып атсалысу да артық болмайды.
– Әңгімеңізге рақмет!