Астана тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын айтты
Астана тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын айтты
Сурет: СС0 / congerdesign
285
оқылды

Нұр-Сұлтан полициясы қала тұрғындарының бірі баласын балабақшада ұрып-соққанын айтқаннан кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда, оның айтуынша, іс қаралмай жатыр.
Қыздың анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.
"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.