Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында ірі ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін күтуші болып жұмыс істейтін қыз бала жұмыс берушіден 1 миллион теңге көлемінде ақша, зергерлік бұйымдар, гаджет және киімдер ұрлап келген. Арызданушының айтуынша, ол күтушіні жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан", - делінген хабарламада.
Бастапқыда қыз екі балаға қарап, сенімге кіріп, отбасын жүйелі түрде тонай бастаған. Басында ақша жоғала бастады, оны жәбірленуші байқамады. Күтуші алтын бұйымдарды, киім-кешек пен гаджетті ұрлай бастағанда күдіктене бастаған үй иесі полицияға хабараған.
Күдіктінің бөлмесін тексеру барысында полицейлер ұрланған заттардың бәрін тауып, тәркіледі. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Күдікті өз кінәсін мойындап, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - деді полициядағылар.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.