Атырауда жоғалған 9 жастағы баланы іздеуге құтқарушылар мен еріктілер қосылды
Атырауда жоғалған 9 жастағы баланы іздеуге құтқарушылар мен еріктілер қосылды
224
оқылды
Атырау қаласындағы «Балықшы» ықшамауданында тұратын 9 жастағы бала кеше, 22 қаңтарда жоғалып кетіп, содан бері табылмай жатыр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәмелетке толмаған жасөспірім кеше, 22 қаңтарда түсқайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан. Бірақ, қайта оралмаған. Қазір жоғалған баланы 100-ден астам адам іздеп жатыр.
"23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы ПД-ның кезекші бөліміне 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де "Балықшы" ықшамауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала далаға ойнауға шығып, содан үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Баланың туыстары, алдымен өз беттерімен оны іздеуге тырысқан. Қазіргі уақытта құтқарушылар "Балықшы" ықшамауданы бойынша жоғалып кеткен баланы іздестіруде. Сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 17 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды", – дейді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.