Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: jooinn.com
211
оқылды
Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының батыс мен орталығында секундына 15-20 метр оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда тұман түседі. 24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. 25-26 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда секундына 15-20 метр солтүстік-шығыстан жел соғады. 24 қаңтарда облыстың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда көктайғақ болады. Таразда 24-26 қаңтарда тұман түседі.